Дүниежүзілік банк: 2016 жылы Қазақстан экономикасын дамуы нөлге жақын болады

727

2016 жылы Қазақстан экономикасының өсімі нөлге жақын болды. Келесі 2 жылда ол тиісінше 1,9% және 3,7% болады. Бұған Қашаған кен орнындағы өндірістің басталуы, мұнай бағасының жоғарылауы себеп болады. Дегенмен экономиканың дамуына кедергі келтіретін факторлар да болуы мүмкін деп жазылған Дүниежүзілік банктың есебінде. 

Баяндамада жазылғандай, осы жылы мұнай бағасынан бөлек ел экономикасына Ресейдегі тоқырау және Қытайдағы өсімнің төмендеуі әсер етеді. Сауда талаптарының жағымсыз бағытқа өзгеруі, инвесторлар тарапынан сенімнің төмендеуі, ауыл шаруашылығындағы тұтынушылық белсенділіктің әлсіреуі және девальвация әсері тәрізді факторларды өзіне назар салуды талап етеді.

Ішкі сұраныстың төмендеуі өндіріс мен бөлшек сауданың қалпына келуіне кері әсер етеді, ал қара алтын бағасының төмендеуі транспорт және көтерме сауда тәрізді салалардың өсуін тежеп отырады.

Дүниежүзілік банктың болжамы бойынша, 2016 жылы мұнай баррелінің орташа бағасы 41 доллар болады. Дегенмен 2017 жылы 50 долларға дейін, 2018 жылы 53,3 долларға дейін жоғарылайды. Қашаған кен орнының пайдалануға берілетіндігі ескерілсе,  инфляция көлемі жылына 6-8 пайызға дейін төмендеп, инвесторлар мен тұтынушылардың мұнай секторына деген сенімі өседі.

Дегенмен бұл ортамерзімді перспективалар қазақстандық қаржылық сектордың жағдайы, әлемдік экономика өсімінің тежелуі, Ресейдегі тоқыраудың ұзаққа созылуы, Қытай экономикасының құлдырауы, әлемдік мұнай нарығындағы тұрақсыздықтың сақталуы тәрізді факторлардың болуына байланысты теріс бағытта жылжуы мүмкін.