ЖаңалықтарҚаржыТаңдаулы1

«Даму» қоры мен Сбербанк экологиялық жобаны қаржыландырды

Алматы. 18 шілде. 7kun.kz – «Даму» Қоры мен «Сбербанк» АҚ ЕБ БҰҰ Даму бағдарламасының бірінші халықаралық экологиялық жобасын қаржыландырды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

 Қазақстандық «led system media» ЖШС Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының халықаралық экологиялық жобасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемесін субсидиялады. Пайыздық мөлшерлеме жылына 14,5% құрайды, оның 10%-ын «Даму» қоры өтейді. Құны 34 млн теңге болатын экологиялық жобаны «Сбербанк» АҚ ЕБ 3 жылға қаржыландырады. Сондай-ақ, компания 17 млн теңгеге «Даму» қорының кепілдігін пайдаланды. Бөлінген қаражатқа жарық диодты шамдар шығарушы  ЖШС  мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде  «Transport Tower» (Астана қ.) әкімшілік-технологиялық кешенінің жарықтандыру жүйесін жүргізбек. Жарықтандыруды жаңартқан соң ғимараттың жартысынан көп бөлігі (52%) энергия тұтынуды азайтады.

Жоба «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының «Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» Жаһандық экологиялық қоры халықаралық жобасына енуінің арқасында  қаржыландырылып, пайыздық мөлшерлеме субсидияланатын болады, ал «Даму» Қорының кепілдігі қаржылай міндеттеме ретінде жүреді.

Жоба Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен «Даму» Қоры арасындағы энергияны сақтаумен айналысатын кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық туралы бұрын қол қойылған Келісім шеңберінде жүзеге асырылады. Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап, 2018 жылдың бірінші тоқсанының соңында алғашқы 6 жоба, соның ішінде Астана және Солтүстік Қазақстан облысының ғимараттарында энергия тұтынуды азайтуға арналған «Transport Tower» жаңғырту жобасы да болды. Жалпы алғанда, бүгінгі күнде жобаны басқару комитеті жалпы құны 502,5 млн теңге болатын энергия тиімділігін арттыруға бағытталған 13 жобаны мақұлдаса, тағы 6 жоба қаралу үстінде.

Tags

Осы айдарда

Close