ЖаңалықтарТаңдаулы1

«Даму тарихы: Іштен көзқарас» атты халықаралық конференция өтіп жатыр

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz — «Даму тарихы: Іштен көзқарас» халықаралық екі күндік конференциясы қоларбадағы бимен басталды. Өнер көрсеткен – ҚР спорт шебері Михаил Бычковский.

Жүзуден Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, парабилер бойынша паралимпиада спортшысы, парабиден Германияның 2018 жылғы чемпионатының финалисі халықаралық конференцияны ашты.

Бұл іс-шара дәстүрге айналған, биыл оныншы рет өткізілуде. Мұнда азаматтық қоғамның даму мәселелері талқыланады. Биылғы тақырып – азаматтық бастамалар, даму драйвері — «Level Up!». Ұйымдастырушы — «АРГО» азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы» — азаматтық қоғамды дамытумен 2004 жылдан бері халықаралық деңгейде кәсіби айналысып келе жатқан коммерциялық емес ұйым.

Іс-шараға 200-ден астам адам келді. Негізінен АҚШ, Колумбия, Ауғанстан, Ресей, Өзбекстаннан келген халықаралық сарапшылар спикер атанып, түрлі тақырыптар бойынша шеберлік-сабақтарын өткізді.

Халықаралық конференцияда әлемнің түкпір-түкпірінде қоғамды жақсы жағына өзгерте білген жандар туралы тамаша естеліктер айтылды. Солардың бірі Манижа Пактин – Ауғанстандағы алғашқы құрылысшы-әйел.

Ол өзінің болашақ мамандығын 2 сыныпта оқып жүргенінде-ақ таңдаған. Дегенмен отбасының қарсылығы мен қоғамдағы әйел құрылысшы-инженер бола алмайды деген кереғар көзқарасты жеңуіне тура келеді. Құрылысшы-әйелдің фирмасы бірнеше жыл ішінде 60-тан астам мектеп пен бейбіт құрылымның 200 нысанын соқты. Манижа өз елінің екінші тынысын білімді әйелдер аша алады деп санайды.

Қазақстанда әлеуметтік инновациялар енді қарқын алуда, дегенмен, біздің де мақтана алатын оқиғаларымыз бар. Сардор Исманов Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауылда тұрады.

Айтуынша, ауылында мектеп оқушылары мен баршаға арналған қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту орталығынша ашпағанша балаларда қосымша білім алуға мүмкіндік өте аз болған. Содан кейін ауыл балаларының өз жаңалықтары және Ютубта каналы пайда болады.

Конференцияның екінші күні қатысушыларды бірегей инклюзивті «Действие буквально» театр жобасының кейіпкерлерімен кездесу мүмкіндігі күтіп тұр. Сондай-ақ, Орталық Азиядағы азаматтық қоғам өкілдеріне арналған жалғаз LevelUpPrize  марапатын тапсыру рәсімі өтеді. Конкурсқа 80-нен астам өтінім беріліп, олардың үздіктері ашық дауыс берумен іріктеліп алынды.

«Даму тарихы: Іштен көзқарас конференциясы — «АРГО» азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы» ұйымдастырып жүрген Innovation festival 2018 ауқымды жобасының бір бөлігі.

Tags

Осы айдарда

Close