ЖаңалықтарҚаржыТаңдаулы1

Дамушы экономикалар валюталық ынтымақтастықты қажет етеді

ҚХР Орталық Банкінің Үрімшідегі өкілдігінің жетекшісі Го Цзяньвей бүгін Алматыдағы жиында осылай деді.

Алматы. 15 қараша. 7kun.kz -Дамыған елдердегі пайыздық мөлшерлемелердің көтерілуі дамушы нарықтарға орасан қысым алып келді. Сондықтан валютаның құнсыздануы мен капиталдың кетуін қорғау үшін дамушы экономикалар валюталық ынтымақтастықты қажет етеді.

ҚХР Орталық Банкінің Үрімшідегі өкілдігінің жетекшісі Го Цзяньвей Қазақстан қаржыгерлерінің VIIІ конгресінің сессиясында сөйлеген сөзінде осылай деді.

Бұл ретте ол Қазақстанның Қытаймен екіжақты валюталық ынтымақтастығын мысалға келтірді. 

“Қос ел арасындағы экономика мен сауданы жандандыру үшін маңызды қозғаушы күш болады. Біз  валюталық есеп айырысу туралы келісімге және своптар жөніндегі келісімге қол қойдық, сондай-ақ валюта нарығында юань-теңге транзакцияларының тікелей тетігін бірлесіп іске қостық”, – деді Го Цзяньвей.

Оның айтуынша, 2018 жылдың алғашқы үш тоқсанында екіжақты валюталық есеп айырысу 1,9 миллиард юаньға жуық болды.

Tags

Осы айдарда

Close