Данияр Ақышев: 2018 жылғы бірінші тоқсанда валюта нарығындағы ахуал тұрақтылықты көрсетті

ахуал
Фото: old.aikyn.kz

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz — 2018 жылғы бірінші тоқсанда валюта нарығындағы ахуал тұрақты болды. Ұлттық валютаның бағамын айқындайтын іргелі факторлар оңтайлы қалыптасты. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.

Ол қаңтар-наурызда теңге жылдың басынан бері бір АҚШ доллары үшін 318,31 теңгеге дейін 4,2%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 318,31-333,29 теңге аралығында өзгергенін атап өтті.

«Сәуірдің басында Ресейдегі қор нарықтарының құлдырауы нәтижесінде Ресей рублінің әлсіреуі аясында теңге бағамы құбылды. Бұл ретте жақсы макроэкономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, қазіргі кезде валюта нарығындағы ахуал тұрақтанды. Жалпы алғанда Ресейдегі оқиғаларға әсер қысқа мерзімді, қалыпты деп бағаланады», — деді Д. Ақышев.