ЖаңалықтарҚазақстанТаңдаулы1

Дариға Назарбаева дәріханалардағы есірткі секілді әсер ететін дәріні атап, оны сынады

Бұл мәселе бойынша депутат Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа сауал жолдады.

Алматы. 8 қараша. 7kun.kz — Жоспарланған және жоспардан тыс тексерулер жүргізуге тыйым салынған дәріханаларды шағын бизнес субъектілерінің тізімінен алып тастау туралы мәселені қарау қажет. Жалпы дәріхана иелерінің жауапкершілігін күшейту керек, деп есептейді Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаева. Тиісті сауал денсаулық сақтау министріне жіберілді, деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпараттар орталығының тілшісі.

Дариға Назарбаева БАҚ-та қазақстандық дәріханалар өзіне тәуелді қылатын дәрі-дәрмектерді еркін сататыны туралы мәселе бірнеше рет көтерілгендігін атап өтті.

Сенатордың сауалында: «Олар есірткі секілді әсер етеді. Олардың бірі — «Трамадол»препараты. Негізінен бұл препаратты 14-18 жастағы жасөспірімдер сатып алады. Дәрігер-наркологтардың пікірінше, трамадол өзінің құрылымы бойынша морфин есірткісіне ұқсас. Бұл препаратты үлкен мөлшерде қабылдау мас болу сезіміне әкеледі. Нәтижесінде трамадол адамның ағзасында тәуелділік, сыну, миында өзгерістер тудырады, бауырды бұзады. Бұл препараттың рецепт бойынша босатылатын дәрілер тізіміне енгізілгеніне қарамастан, тәжірибеде дәріханалар оларды еркін сатады», — деп айтылған.

Сауалда дәріхана иелерінің әкімшілік жауапкершілігін күшейту керек, заң бұзылған жағдайда қызметтің осы түрімен айналысуға берілген лицензияларды тоқтатып, оны қайтарып алу жазасын енгізу керек деп айтылған.

Tags

Осы айдарда

Close