Дариға Назарбаева Сенат спикері болып сайланды

54
Фото: rus.azattyq.org

Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz –  ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Сенат спикері қызметіне Дариға Назарбаева тағайындалғаны мәлім болды.

Жасырын дауыс беру кезінде оның кандидатурасын депутаттар бірауыздан қолдады. Дариға Назарбаеваны бұл лауазымға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды.

Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы 1963 жылы 7 мамырда дүниеге келді. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің, С. М. Кирова атындағы ҚазМУ-нің тарих факультетін бітірген. Саяси ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты.

1992-1994 жылдары — «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті;

1994-1995 жж. — «Қазақстан теледидар және радио» республикалық корпорациясының вице-президенті — «Хабар» ұлттық телеарна агенттігінің директоры;

1995-1998 жылдары — «Хабар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры;

1998 жылдан 2001 жылға дейін — «Хабар» агенттігінің президенті;

2001 жылдан бастап 2004 жылға дейін — «Хабар» агенттігінің директорлар кеңесінің төрағасы;

2007 жылдан 2012 жылға дейін — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорының директоры;

2007 жылдан 2010 жылға дейін — «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;

2012 жылы — Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті төрағасының орынбасары;

2014-2015 жылдары — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің вице-спикері және «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының жетекшісі;

2015 жылдың қыркүйегінен 2016 жылдың қыркүйек айына дейін — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

2016 жылдың 13 қыркүйегінен — ​​Парламент Сенатының мүшесі;

2016 жылдың 16 қыркүйегінен  — Сенаттың Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы;

2017 жылғы 16 қарашадан бастап — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қоғамдық кеңесін басшысы.