ЖаңалықтарҚазақстанҚоғамТаңдаулы1

Дарын Тұяқов Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды

Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz – Дарын Тұяқов Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды деп жазады Primeminister.kz. 

Дарын Шылбыұлы Тұяқов 1969 жылы Алматы облысы, Үшарал ауданында дүниеге келген.

1990 жылы Андропов атындағы Ленинградттағы жоғары әскери-саяси училищені, 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, 2007 жылы Халықаралық бизнес академияны тәмамдаған.

Қорғаныс министрлігінде, Әділет министрлігінде және әр түрлі коммерциялық ұйымдарда қызмет атқарған.

“Астананың 10 жылдығы”, “ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл” секілді медальдармен марапатталған.

Tags

Осы айдарда

Close