Депозит сыйақысының ең жоғары мөлшерлемесі өзгермейді 

Фото: kapital.kz

Базалық мөлшерлеменің 15%-дан 13%-ға дейін төмендегеніне қарамастан, жеке тұлғалардың жаңадан тарылатын депозиттері бойынша «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКҚ) ұсынған сыйақының ең жоғарғы мөлшерлемелерінің мөлшерлері ағымдағы деңгейде сақталып қалды: ұлттық валютадағы депозиттер бойынша 14% және шетел валютасындағы депозиттер бойынша 2%. Бұл туралы ҚР ҰБ Төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов хабарлады.

Ол базалық пайыздық мөлшерлеме деңгейін төмендету туралы шешімнің 2016 жылғы 11 шілдеде айтылғанын еске түсірді, бұл экономикаға салынатын ақша құнының төмендеуі үшін алғышарттар жасайды. «Қабылданған шара халық салымдарының валюталық құрылымына жағымды әсер етті», — деп атап өтті Ғ.Пірматов.

Мәселен, ҚР ҰБ деректері бойынша, халықтың ұлттық валютадағы салымдарының көлемі 2016 жылғы ақпан-маусымда 61,8%-ға ұлғайып, 2 285 млрд. теңге болды, ал шетел валютасындағы салымдарының көлемі осы кезеңде 16,7%-ға 4 811 млрд. теңгеге дейін төмендеді.

Халықтың шетел валютасындағы салымдарының үлесі 2016 жылғы қаңтардағы 80,4% болған ең жоғарғы мәннен 2016 жылғы маусымда 67,8%-ға дейін төмендеді. «Теңгемен депозиттер бойынша ұсынылған мөлшерлеме ол енгізілген 2015 жылғы қыркүйектен бастап алғаш рет базалық мөлшерлемеден асып кетті және қазіргі уақытта Ұлттық Банктің өтімділік беру жөніндегі операциялары бойынша мөлшерлемемен сәйкес келеді», — деп қосты Ғ.Пірматов.