Deutsche Bank-тің өкілі Ярослав Лисоволик ЕАДБ-ның бас экономисті болып тағайындалды

Deutsche Bank-тің өкілі Ярослав Лисоволик Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) бас экономисті болып тағайындалды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Deutsche Bank қыркүйек айында Ресейдегі инвестициялық банк қызметін бөлу аясында сараптама департаментінің қызметкерлерін қысқартқан еді. Қысқартылған қызметкерлердің арасында Ресей Федерациясындағы сараптама бөлімін басқарған Я.Лисоволикте болған.

Я.Лисоволик Deutsche Bank-ке бас экономист қызметіне 2004 жылы келген. 2009 жылы Ресейдегі банктік сараптама департаментінің жетекшісі қызметіне тағайындалды. 2011 жылы Ресейдегі Deutsche Bank-тың басқарма қызметі үшін таңдалып, осы банкте қызмет атқарды.

ЕАДБ РФ және Қазақстан арасындағы үкіметаралық келісім бойынша 2006 жылы құрылды. Қазіргі таңда банк құрамында Армения, Белоруссия, Қырғызстан және Тәжікстан елдері бар. Банк инвестициялық жобаларға қатысушы мемлекеттерді 5,3 млрд доллар көлемінде қаржыландырады.

Фото: finbuzz.ru