Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығы бойынша, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Президент Әкімшілігін басқарады.
«Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігінің жетекші құрамына жаңа басшы Әділбек Жақсыбековты таныстырды», -деп жазылған Ақорда Твиттеріндегі жазбада.
1954 жылы шілденің 26-ында Қостанай облысында туған.
1978 жылы Бүкілодақтық кинематография (Мәскеу қ.) мемлекеттік университетін тәмамдаған.
1987 жылы Плеханов атындағы халық шаруашылығ институтында «материалдық-техникалық жабдықтаудың ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен.
Қазақ КСР Мемкино жүйесінде, материалдық-техникалық жабдықтау органдарында жұмыс істеп, кәсіпорындарға басшылық еткен.
1988—95 жылдары көпсалалы «Цесна» корпорациясының басшысы.
1995 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланады.
1996 жылы Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалады.
1997 жылы желтоқсанынан 2003 жылы маусымына дейін Астана қаласының әкімі.
2003 жылы шілдесінен 2004 жылы желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі.
2004 жылы желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.
2008 жылы қаңтарынан Нұр Отан халық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
2008 жылы қараша айынан Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.