Доллар 313 теңгеге дейін арзандады

теңге
Фото: 7kun.kz

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 22 ақпандағы доллардың орташа бағамы 313,45 теңгені құрады. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 312,68 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 314,30 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 313,90 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 218 млн 500 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 397.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Ақша айырбастау орындарында 22 ақпандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15:50) Алматыда 315 теңгені құраған.