Доллар 371 теңгеге дейін арзандады

Доллар
Фото: utro.ru

Алматы. 6 қараша. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 371,19 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (371,99 теңге / $1) ұлттық валюта 0,8 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 370,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 372,10 теңге, жабылу курсы бір долларға 371,20 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 21 млн 50 мың  долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 61.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 372,5 теңге, Алматыда – 372,8 теңге.