Доллар 377 теңге дейін әлсіреді

74
377
Фото: smart-lab.ru

Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11:00-де 377,92 теңгені құрады. 5 ақпандағы деректермен салыстырғанда (378,21 теңге /1 доллар) ұлттық валюта 0,29 теңгеге нығайды.

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 379,1 теңге, Алматыда — 380,5 теңге.

Ұлттық Банктің 6 ақпандағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 378,49 теңгені құрайды.