Доллар 380 теңгеге дейін қымбаттады

Доллар
Фото:

Алматы. 16 сәуір. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 380,06 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (379,47 теңге/$1) ұлттық валюта 0,59 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 379,80 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 380,14 теңге, жабылу курсы бір долларға 380,13 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 31 млн 58 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 64.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 380,3 теңге, Алматыда – 381,5 теңге.

Ұлттық Банктің 16 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 379,56 теңгені құрайды.