Доллар 4 теңгеге арзандады

теңге
Фото: kapital.kz

2016 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 332,81 теңге болды. Доллар 20 сәуірдегі таңғы сессия қорытындысымен салыстырғанда 4 теңгеге арзандады. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 332 теңгені құрады. Максималды курс — 335 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 332,02 теңге болды.

Таңғы сессияда сауда көлемі 91 млн 100 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 114. Ал ақша айырбастау орындарында 21 сәуірдегі доллардың максималды курсы — 334 теңге (Алматы уақытымен 11:30).

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.