Доллар бағамы 339 теңге деңгейінде қалды

309
Фото: forbes.kz

Алматы. 24 тамыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 25 тамыздағы  доллардың орташа бағамы 339,49 теңгені құрады. Бұл  туралы  биржаның (KASE) ресми  сайтында  хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 339 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 339,80 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 339 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 34 млн 700 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 107.

Ақша айырбастау орындарында 25 тамыздағы доллардың жоғарғы курсы (Алматы уақытымен – 15:20) Алматыда 340,5 теңгені құраған.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.