Доллар бағамы тұрақты

Алматы. 4 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 4 маусымдағы доллардың орташа бағамы 330,69 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 330,20 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 331,10 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 331,10 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 56 млн 100 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 117.

Ақша айырбастау орындарында 4 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 332 теңгені құраған.