Валюта бағамыЖаңалықтарҚаржыТаңдаулы1

Доллар бағасы төмендеді

Алматы. 12 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 12 қаңтардағы доллардың орташа бағамы 329,63 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 329,16 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 330,08 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 329,37 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 173 млн 400 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 329.

Ақша айырбастау орындарында 12 қаңтардағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.10) Алматыда 331 теңгені құраған.

Tags

Осы айдарда

Close