Доллар бағамы 379 теңгеге дейін жетті

теңгеге
Фото: egemen.kz

Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 379,21 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (378,02 теңге/$1) ұлттық валюта 1,19 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 379 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 379,34 теңге, жабылу курсы бір долларға 379,24 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 36 млн 260 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 85.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 380 теңге, Алматыда – 381 теңге.

Ұлттық Банктің 28 наурыздағы ресми бағамы 1 доллар үшін 378,36 теңгені құрайды.