Доллар бағамы 385 теңгеге жақындап қалды

377
Фото: smart-lab.ru

Алматы. 25 шілде. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 384,80 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (384,07 тенге/$1) ұлттық валюта бағамы 0,73 теңгеге арзандады.

Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 385,5 теңге, Алматыда – 386,5 теңге.

Ұлттық банктің 25 шілдедегі ресми бағамы 1 доллар үшін 384,2 теңгені құрайды.