Доллар бағамы қайта қымбаттады

доллар
Фото: tribun.com.ua

Алматы. 10 ақпан. 7kun.kz —  Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11:00-де 379,18 теңгені құрады. 7 ақпандағы деректермен салыстырғанда (378,09 теңге /1 доллар) ұлттық валюта 1,09 теңгеге әлсіреді.

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 381теңге, Алматыда — 381,5 теңге.

Ұлттық Банктің 10 ақпандағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 378,31 теңгені құрайды.