Доллар бағамы құлдырады

318
теңгеге
Фото: kerek-info.kz

Алматы. 14 тамыз. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 385,95 теңгені құрады. 13 тамыздағы таңғы сессиямен салыстырғанда (387,42 тенге/$1) ұлттық валюта бағамы 1,42 теңгеге нығайды.

Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:10-да 389 теңге, Алматыда – 388,5 теңге.

Ұлттық банктің 14 тамыздағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 387,49 теңгені құрайды.