Доллар 339 теңге болды

437
Фото: tengrinews.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 338,92 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайты хабарлады.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 338,04 теңгені құрады. Жоғарғы курс — 342,80 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 333,05 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 77 млн 350 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 181.

Таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша, америкалық курстың орташа бағамы 336,69 теңге деңгейінде болды. Ақша айырбастау орындарында 24 маусымдағы доллардың жоғарғы курсы — 340 теңге (Алматы уақытымен – 11:30).

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.