Доллар курсы 378 теңге деңгейінде тұр

Доллар
Фото: newsgomel.by

Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 377,90 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (378,28 теңге / $1) ұлттық валюта 0,38 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 377,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378,20 теңге, жабылу курсы бір долларға 377,91 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 44 млн 650 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 123.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 378,5 теңге, Алматыда – 379,5 теңге.

Ұлттық Банктің 27 ақпандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 378,04 теңгені құрайды.