Доллардың ресми бағамы 335 теңгеден асты

65
теңге

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 13 маусымдағы доллардың орташа бағамы 335,87 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 335,40 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 336,19 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 334,55 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 113 млн 900 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 232.

Ақша айырбастау орындарында 13 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 336,50 теңгені құраған.