Дональд Трамп рейтингінің рекордтық деңгейге дейін түсуіне қатысты пікір білдірді

149
Дональд Трамп
Фото: eadaily.com

Вашингтон. 17 шілде. 7kun.kz – АҚШ президенті Дональд Трамп ABC News пен The Washington Post-тың бірлесіп жүргізген сауалнама нәтижесіне қатысты пікірін білдірді.

“ABC News пен The Washington Post-тың жүргізген сауалнама президент сайлауы кезінде шындыққа жанаспаған. Дегенмен халықтың 40 пайызға жуығы сенім артып отыр. Қазіргі жағдайда бұл жаман көрсеткіш емес”, – деп жазды ол өзінің Twitter-дегі микроблогында.

Еске салсақ, бұған дейін Трамп рейтингінің ең төменгі деңгейге дейін құлдырағанын хабарлаған болатын.

Айта кетейік, Gallup-тің мәліметінше, Дональд Трамп президенттігің инаугурациясының алғашқы күні жаңа басшыны 45 пайыз респонденттер қолдап, соншасы қарсылық білдірген болатын.