Допингпен ұсталған Олимпиада жеңімпаздары мемлекет сыйақысын қайтара ма?

567

Астана. 1 қараша. 7kun.kz — Қазақстандағы мәдениет және спорт министрлігі осыған дейін допинг дауына іліккен Олимпиада жүлдегерлеріне төленген қаржы мәселесі шешіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Ведомство мәліметі бойынша, Қазақстанда жүлде қаржысын қайтару туралы заңдық процедуралар жоқ. Және «осындай мәселеде республика бұған ұқсас проблемаларға тап болған өзге елдердің тәжірибесін» бағытқа алады.

«Белоруссияда да қиын жағдай. Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық олимпиадалық комитетімен бірігіп, аз уақыт аралығында осындай оқиғалар орын алған әлемдік тәжірибені зерттеп, бұл сұрақтың заңдық аспектілерін қарап шығады. Себебі біздің заңда бұл жазылмаған. Қазір заңгерлер талқылап жатыр, жауабы анық болғанда хабарлаймыз», — деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігіндегі спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитеттің баспасөз хатшысы Бақытбек Хамит.

27 қазанда белоруссиялық ҰОК ресми түрде спортшыларға төленген қаржы қайтарылмайтындығын хабарлаған еді деп жазады Kapital.kz. Беларусь допинг жанжалдан кейін 3 олимпиадалық медальден айырылған.

Еске салайық, Халыаралық олимпиадалық комитеттің (ХОК) дисциплинарлық комитетінің шешімі бойынша, 2012 жылы Лондонда алтын алған Зульфия Чиншанло, Мая Манеза, Светлана Подобедова және 2008 жылы Пекиндегі Олимпиада күміс жүлдегер Таймураз Тигиевтің нәтижелері жоққа шығарылған еді. Ол спортшылардың ағзасында тыйым салынған препараттар анықталған. Бұл ақпарат ХОК-тың ресми сайтында жарияланды. Спортшылардың дисквалификациясы туралы шешім халықаралық федерациялар арқылы қабылданады.

Ұлттық комитет ХОК-тың шешіміне қарсы шығуды жоспарламайды. Осыған дейін Илья Ильин, Владимир Седов тәрізді ауыр атлеттер тобы да допингпен ұсталды деп хабарланған еді. Оларға қатысты шешім жақын арада жарияланады.

Еске салайық, Лондондағы Ойындарда жеңіске жеткен спортшыларға мемлекеттік бюджеттен 250 мың доллар төленген.