Дубайда 3D-баспа көмегімен кеңсе салынады

560

30 маусым күні Дубайда аумағы 185 шаршы метр кеңсе ғимаратының жобасы таныстырылды, бұл ғимарат 3D-баспа технологиясымен салынбақ.

Ғимаратты тұрғыз үшін биіктігі 6 метрден асатын құрылыс принтері пайдаланылады. Оның көмегіме ғимараттың құрылымдық компоненттері, сонымен қатар интерьер заттары басып шығарылады. Құрылыс материалы ретінде арматураланған шыны талшығы, темір бетоны, гипс пен пластик қолданылмақ.

Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, 3D-баспа технологиясы құрылыс мерзімін 50-70%-ға, құрылыс қоқысын 30-60%-ға қысқартуға мүмкінік береді. Жобаға Қытайдың WinSun Global компаниясы қатысады. Бұл компания көлемді баспа технологиясын ғимарат құрылысында алғашқылардың бірі болып қолдана бастаған.

«Бұл ғимарат 3D-баспа технологиясының тиімді әрі креативті екеніне куә болмақ. Келешекте құрылыс пен сәулет дизайны саласында 3D-баспа технологиясы маңызды рөл атқарады деп есептейміз», — деп мәлімдеді Біріккен араб әмірлігінің үкіметтік мәселелер жөніндегі министрі Мұхаммед әл-Гергави.

Аталған кеңсенің құрылысы 2015 жылдың наурызында Дубайда бастау алған «Келешек мұражайы» (Museum of the Future) жобасының аясында іске асырылып отыр.

Ақпарат көзі: vestifinance.ru