Джордж Сорос босқындарға арналған жобаға 500 млн доллар салуға ниетті

Фото: reactor.inform.kz

Америкалық миллиардер  Джордж Сорос босқындар мен мигиранттарға негізделген әлеуметтік стартап жобаға 500 млн доллар салуға ниетті. Инвестордың мұндай пікірі The Wall Street Journal газетінде жазылды, деп хабарлайды РБК.

«Мен босқындар мен мигранттар үшін құрылған әлеуметтік маңызы бар бизнес жобаларға, стартаптарға инвестиция салатын боламын. Менің басты мақсатым — Еуропаға келген мигранттар мен босқындарға көмектесу, бірақ мен әлемдегі барлық мигранттарға пайда әкелетін инвесициялық идеяны іздеп табамын», — деп жазған Джордж Сорос.

Қаржыгердің сөзінше, инвестиция үшін басты бағыттар бойынша сандық технологиялар қолға алынады. Бұл мигранттардың биліктен рұқсат алуына және медицина, заң қызметіне еркін қол жеткізуіне мүмкіндік береді.