Джордж Сорос Brexit-тен табыс тапты

579
Фото:tvc.ru

Джордж Сорос Brexit-те табыс тапты деп хабарлайды Reuters. Миллиардердің өкілінің сөзінше, Сорос инвестиция арқылы табыс тапқан. Осыған дейін ол  Brexit-ке байланысты қымбаттаған алтынға инвестиция салды деп хабарланған еді. 

Сорос өкілінің атап өтуінше, миллиардер фунт стерлингтің құлдырауына емес, өзге де «инвестициялар» арқылы пайда тапқан. Нақты қандай табыс екендігі туралы мәлімет айтылған жоқ.

Баспасөз хатшысының атап өтуінше, Сорос фунт бағамы жоғары көтеріледі деп бәс тіккен. Осыған дейін ол «Ұлыбритания Еуроодақтағы мүшелігін сақтап қалады» деген пікір білдірді.

Референдумға дейін оның The Guardian-дағы блогында Brexit-ке байланысты Англия экономикасына қатысты болжамымен бөліскен еді. Оның түсіндіруінше, егер британдықтар ЕО-дан шығуға дауыс берсе, фунт 20%-ға дейін құлдырауы мүмкін. Бұл 1992 жылдың 16 қыркүйегіндегі 15 пайыздық курс құлдырауына қарағанда да күшті болмақ деп атап өтті ол. Сол жылғы «қара сәрсенбіде» Джордж Сорос фунт әлсірейді деп бәс тігіп, табыс тапқан еді.