ЖаңалықтарҚазақстанТаңдаулы1Экономика

Еңбек мигранттары Қазақстан бюджетін 5 млрд теңгеге толтырды

Алматы. 16 сәуір. 7kun.kz – Бұл туралы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты деп жазады lsm.kz.

2014 жылдан бері ТМД елдерінің азаматтарына Қазақстанда жалдамалы жұмыс істеу рұқсатын алу енгізілген. Еңбек мигранттарына бір айдан үш айға дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Сосын ол бір жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Қазақсанда жұмыс істеу рұқсатын алу үшін мигранттар айына 4810 теңге төлейді.

“Бұл механизм өзін-өзі ақтады. 2014 жылы көлеңкелі нарықтан 72 мыңға жуық мигрант шығарылса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 446 мыңға жетті. Сондай-ақ, бюджетке 5 млрд теңге көлемінде табыс түсті”,-деді Ішкі істер министрі.

 

Tags

Осы айдарда

Close