ЕҚДБ шағын және орта бизнесті қолдау үшін ForteBankке 20 млрд теңге бөледі

394

Алматы. 29 қараша. 7kun.kz — Еуропа Қайта құру және даму банкі  «Даму» Қорының кепілдігімен «ForteBankке» 20,4 млрд теңге ($60 млн) бөледі. Бұл туралы қордың баспасөз қызметінен хабарлайды. Екі жақты қол қою рәсіміне ЕҚДБ Қазақстандағы директоры Джанет Хекман, ForteBank Басқарма төрағасының орынбасары Гурам Андроникашвили мен «Даму» Қорының Басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин қатысты.

Қаражат микро, шағын және орта бизнес пен ЕҚБД «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы бойынша әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталады.

Әр несие 3 жылға екі траншпен беріледі. Бұған қоса 1 жыл жеңілдікті мерзімі бар. Бірінші транш ForteBank-ке  8,5 млрд теңге ($25 млн) көлемінде микро, шағын және орта кәсіпкерлікке деп, ал 1,7 млрд теңге (шамамен $5 млн) «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы бойынша беріледі. Әр транш ForteBank-ке ақша аударған кездегі теңге-доллардың нарықтық мөлшеріне қарай есептеледі.

«ЕҚДБ тұрақты және инклюзивті экономика құруды көздейді. Ұзақ мерзімге теңгелей берілетін несиеге қол жеткізу көптеген микро, шағын және орта кәсіпкерлер үшін маңызды.  Мен бүгін  жаңа әріптесіміз – ForteBankпен кәсіпкерлерді, әсіресе елдің барлық өңірлеріндегі  әйел кәсіпкерлерді қолдау үшін күш біріктіріп отырғанымызға қуаныштымын»,- деді ЕҚДБ Қазақстандағы директоры Джанет Хекман.

Алдын-ала бағаммен, осы бағдарлама бойынша берілетін несие сомасы 28,5 млрд теңгені құрап, 350 кәсіпкер микро, ШОБ және әйелдер кәсіпкерлігіне қаржы алады деп есептеліп отыр. Олар шамамен 700 жаңа жұмыс орындарын ашып, 9,5 млрд теңгенің салығын төлеп, 69,5 млрд теңгенің өнімін шығарады деп көзделген.

 «ЕҚДБ қаржысы «Даму» Қорының кепілдігімен беріледі. Соның арқасында мемлекет пен жеке сала әріптестігінің сәтті үйлесімі пайда болып отыр. Біз тек кәсіпкерлердің банк алдындағы төлем қабілетін ғана емес, банктердің халықаралық институттар алдындағы жауапкершілігін де мойнымызға аламыз. Осы жылы ҚР Үкіметінің дағдарысқа қарсы іс-әрекет жоспары мен ҚР Ұлттық банкінің 2016-2018 жылдар арасындағы экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау жөніндегі жоспарына сай, шет елден  65 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Бір сөзбен айтқанда «Даму» Қоры ел экономикасына шет елдік инвестиция тарту жөніндегі берілген тапсырманы орындап отыр»,-деді «Даму» Қорының Басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин.