Е.Досаев ОҚО-ның кәсіпорындарын аралады

Фото: otyrar.kz

ОҚО. 4 қараша. 7kun.kz «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингі» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаевпен бірге холдингтіӊ еншілес компаниялары қаржыландыратын бірқатар нысандарда болды.  Бұл туралы ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыс тобы  алдымен «Асар» шағын ауданына барып, көпқабатты үйлердіӊ құрылысымен танысты.  Олар «Нұрлы жол» инфрақұрылымдарды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасыныӊ шеӊберінде «Бәйтерек» Ұлттық холдингініӊ қолдауымен салынып жатыр. Бүгінде шағын ауданда 1496 пәтерден тұратын 5 қабатты 34 үйді төрт мердігер компания салып жатыр. Басқарма төрағасы таныстырылған жұмыстарды жақсы бағалап, құрылысты сапалы әрі уақытылы істейтін  мекемелерді қолдауға дайын екенін жеткізді.

Жұмыс сапары барысында Ерболат Досаев «Оӊтүстік» индустриялық аймағына барып, мотор майлары мен майлау материалдарын өндіру зауыты құрылысының жобасын көрді. Сонымен қатар, «Бәйтерек» АҚ-ныӊ еншілес компаниялары қаржыландыратын жаӊа жобалармен танысты. Іс-сапар соңында басқарма төрағасы аталған өнеркәсіп орындарында өндірілетін өнімдерді шетелдік нарыққа шығару қажет екенін айтты.

Перизат ӘБДІЛ-ӘШІМ, «7»