«Ең кедей» мемлекет басшылары: әлемдік көшбасшылардың жалақысы

мемлекет
Фото: fishki.net

Алматы. 8 қаңтар. 7kun.kz – Президенттер жылда өздерінің табыстары туралы есеп беруі тиіс. Олар жыл сайын белгілі бір соманы жариялап, жұртшылыққа таза жалақыларын көрсетіп отырады. Сонымен олар қанша алады?

  1. Сингапур үкіметінің басшысы Ли Сян Лун бірнеше жыл қатарынан рейтингте көшбасшы болды. Оның жалақысы жылына 1,76 млн долларды құрайды.

Ли Сян Лун 2. Швейцарияда президент жыл сайын өзгеріп отырады. Бірақ оның жалақысы іс жүзінде өзгеріссіз қалып отырады.

2017 жылы мемлекет басшысы Дорис Лойтхард болды. Оның жалақысы бір жылда 437 мың долларды құрады. Оның табысы 2016 жылғы мемлекет басшысы Йоханн Шнайдер-Амманның табысынан 30 мыңға артық. Ол жылына 437 мың доллар табыс тапты.

Дорис Лойтхард

3. Ресми мәліметтерге сәйкес, Путин 2017 жылы шамамен 52 млн теңге табыс тапты. 2018 жылы ол болашақ президенттің жалақысын 10 пайызға қысқартты.

Путин

4. Трамп өзіне тиесілі 400 мың долларды құрайтын президенттік жалақысынан бас тартты. Бірақ 2017 жылы шамамен 600 мың доллар табыс тапты. Оның активтерінің құны 1,4 млрд долларды құрайды.

Трамп

5. 2016 жылы Порошенконың жариялаған соммасы 144 млн теңгені құрады.

Порошенко

6. Лукашенконың айлық жалақысы айына 3 мың доллардан аспады.

Лукашенко

7. Австралияның премьер-министрі Малкольм Тернбулл 139 млн теңге табыс көрді.

 Малкольм Тернбулл

8. Түркияның президенті Реджеп Тайип Ердоған 52 млн теңгеге байыды.

Раджап Тайып Ердоған

9. Германия канцлері Ангела Меркель 2017 жылы 85 млн теңге алды.

Ангела Меркель

10. Ұлы Британияның премьер-министрі Тереза ​​Мэри 63 млн теңге табыс тапты.

Тереза Мэй