Ең қымбат электр энергия тарифі — Ақтауда

Фото: rgmedia.kz

2016 жылдың бірінші жартысында электр энергия өндірісі кВт/сағ өлшемі бойынша 0,4%-ға өскен. Бұл туралы energyprom.kz агенттігі хабарлайды.

Электр энергиясының тарифтері бойынша ең жоғарғы өсім Ақтау қаласында тіркелген. Мұнда тарифтер электр пештерін қолданатындарға 46,6%-ға, қолданбайтындарға 44,2%-ға өскен.

2016 жылдың 1 тоқсанында электр энергиясын өндіру 46,4 кВт/сағ құрады. Ал өткен жылдың осы кезеңінде көсеткіш 46,1 кВт/сағ болған.

Сондай-ақ, энергия өндірісі бойынша Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары алда тұр. Шығыс Қазақстан облысында өсім бірден 14%-ға көтеріліп, 5 млрд кВт/сағатқа дейін жетті.

Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторының мәліметінше (КОРЭМ) Қазақстандағы электр энергиясын өндіру 2016 жылдың маусым айында 6829,2 кВт/сағатты құрады немесе 2015 жылдың осы кезеңіндегі өндіріспен салыстырғанда 2,2%-ға жоғары.