ЕАЭО банктері несиелер тарихымен алмасуы мүмкін

415

Ресейдің Орталық банкі (ОБ) Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында несие ақпаратымен алмасу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы «Известия» басылымы жазады. Аталған сұрақ өткен аптаның соңында ОБ-ның несиелер тарихы нарығының қатысушыларымен талқыланды.

Басылымның атап өтуінше, бұл қадам ресейлік банктерге одаққа мүше мемлекеттерді азаматтарына несие беру қажет болғанда несиелер тарихын білуге мүмкіндік береді. Тиісінше ЕАЭО-да жұмыс істейтін банктерге ресейліктердің несие тарихы белгілі болады.

Ақпаратпен алмасу одаққа кіретін елдердің Несиелер тарихы бюросы (НТБ) деңгейінде жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Осы арқылы, несие берушілер (банктер, микроқаржылай ұйымдар) несие тарихы ақпаратын алу үшін өз еліндегі НТБ-ға өтініш жібереді. Осыдан кейін бюро сол елдің НТБ-сынан азаматтың несие тарихы туралы ақпарат алады.

Бірікке несие бюросының бас директоры Даниэль Зеленскийдің атап өтуінше, шетелдік несие берушілер тарапынан да ресейліктердің несие тарихын білу туралы өтініштер түседі. Оның мәліметінше, бюроға мұндай өтініштер жиі келеді, бірақ нақты реттеуіш болмағандықтан ондай ақпарат беру мүмкін болмай тұр.