ЕАЭО елдерінде «ашық әуе кеңістігі» режимін енгізу ұсынылды

493

Мәскеу. 12 қазан. 7kun.kz — Ресейдің транспорт министрлігі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде (ЕАЭО) «ашық әуе кеңістігі» режимін енгізуді ұсынады. Бұл туралы rg.ru жазады. 

Ақпаратқа сәйкес, Ресей мен Беларусь және Ресей мен Армения арасындағы әуе тасымалдары ырықтандырылған.

«Ұшудың жаңа режимін енгізгенге дейін ресейлік және қазақстандық компаниялардың «бәсекеге қабілеттілігінен айырылмай жаңа бағытта жұмыс істеуге» уақыттары болады. Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне жаңа режимнің енгізілуі маршруттағы монополияны төмендетіп, әуекомпаниялар көлемі мен рейстер санын ұлғайтуға мүмкіндік береді», — деді Транспорт министрінің басшысы Максим Соколов. Оның атап өтуінше, болашақта ЕАЭО аясында Қырғызстанның ұсынысын талқылау мәселесі жоспарланып отыр.

Мамандардың сөзінше, «ашық әуе кеңістігі» ортақ аэронавигация, әуекомпанияларға ортақ талаптар және бірдей тарифтер болады дегенді білдіреді.