ЕАЭО-ға мүше елдердің басшылары Астанада бас қосады

519
Фото: Арман Мухатов

31 мамыр күні президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесіне қатысады деп хабарлайды Ақорда.

Жиынға Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Армения Республикасы – Серж Саргсян, Беларусь Республикасының басшысы – Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасы – Алмазбек Атамбаев, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин қатасады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, басқосу барысында Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының мәселелері қаралып, бірқатар елдермен сауда-саттық әріптестігін дамыту жайлы талқыланады.