ЕЭК 100 мың доллардан көп ақшаны тасымалдауға шектеуді түсіндірді

60
доллар
Фото: Sputniknews.kz

Алматы. 08 тамыз. 7kun.kz — Еуразиялық экономикалық комиссия жеке тұлғалардың ЕАЭО шекараларында 100 мың доллардан астам соманы кіргізуге растауды енгізу туралы шешімін түсіндірді.

Ақпаратқа сәйкес, шешім жарияланғаннан кейін 180 күн өткен соң күшіне енеді.

«Бұл қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл аясында қабылданған. Егер азамат жолаушылардың кедендік декларациясында мәлімделген ақшаның шығу тегі туралы мәліметтерді растау үшін құжат ұсынбаса, онда мұндай декларация тіркелмейді және қарастырылмаған болып саналады (Кеден кодексінің 109 — бабы 9-тармағы және 111-бабы 5-тармағы 7-тармақшасы)», — деп түсіндірді комиссияда.

Сонымен қатар, ЕАЭО мүше мемлекеттерінен шекті мәнді төмендету туралы ұсыныс түскен жағдайда, ол жұмыс регламентіне сәйкес қаралаады.