Бизнес

«Эйр Астана» әуекомпаниясы ұшақтарына интернет орнатты

Алматы. 9 қаңтар. 7kun.kz – «Эйр Астана» әуекомпаниясы «Боинг-767» ұшақтарына кеңжолақты жылдамдықты байланыс орнатты. Бұл туралы әуе компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Эйр Астана» әуекомпаниясының Бангкок, Куала-Лумпур, Сеул, Дубай қалаларына ұшатын жолаушылары интернетті пайдалана алады. Сондай-ақ, ішкі бағыттар бойынша бизнес-класс пен эконом-класта да сымсыз интернетті пайдалану мүмкіндігі бар.

Жаңа қызмет жолаушыларға интернет желісіне қосылуға, жылдам хабар алмасу, әлеуметтік желілерге арналған түрлі қосымшаларды қолдануға, аудио тыңдауға және дербес компьютерлер, планшеттер мен смартфондар арқылы поштаны тексеруге мүмкіндік береді.

Жолаушыларға үш интернет-топтамасы ұсынылады: «Бастау» 15 Мб, «Бизнес» 50 Мб, «Супер» 100 Мб, сәйкесінше, бағалары 1500, 4500 және 7500 теңге болады. Орташа қосылу жылдамдығы 2-ден 5 Мб / с-қа дейін.

Tags

Осы айдарда

Close