Екі несие екі жақтан есеңгіретті

365
компаниялар
Фото: vlast.kz

Бүгін банктегі несиемнің төленбегеніне сегізінші күн. Себеп – жалақымның төмендеуі. Төлейін десем жетпейді, оған қоса тағы бір банкте несием бар. Тығырықтан шығатын қандай жол бар? Кімге жүгінсем болады?

Мен банк менеджеріне қазан айында-ақ хабарласып, еңбекақымның төмендеу мәселесі туралы айтқанмын, бірақ маған ешқандай көмек бере алмайтынын айтты. Жауабы жалғыз – біреуден қарыз ала тұрыңыз деген. Мен қарыз алдым біреуден, төледім, бірақ бұл шешім емес. Үнемі бұлай болмайды ғой. Кімге жүгінейін деп сұрадым, жауабы сол – сізге көмектесе алмаймыз. Немесе филиалда кризистік ситуация бойынша уақытылы мәселені шешу жолдарын айтып жіберетін бір де бір менеджер жоқ. Бүгін, міне – мерзімін кешіктірген сегізінші күн, бүкіл Қазақстаннан менеджерлер телефон шалып жатыр, тыңдайды, жөні түзу ештеңе айта алмайды, кеңес бере алмайды, содан кейін Астана қаласындағы өндіріп алу бөлімінен хабарласты, сол әйелге ризамын, ол құрығанда пайдалы бірдеңе айтты, банкке барып, несиені оптимизациялауға өтініш беруді айтты, мен солай жасадым! Бірақ ана әйелдің ақпараты толық емес пе, немесе банкте өзара келісім жоқ па, үш күннен кейін маған Алматыдан хабарласты. Менеджер менің шаруамды оларға бергенін айтып, өтінішті қарамаймыз деді, тағы да қарыз алып, төлеңіз деді. Сосын карточкаңызды бұғаттаймыз деді. Бірақ менде мұндай соманы алатын жер жоқ, келесі айда не істеймін ал? Неге мұндай мәселелерді жергілікті жерде шешуге болмайды? Неге үш ай күтіп барып картаны бұғаттамайды? Неге ситуацияны шешу жолдары бірден қарастырылмайды? Қарыз алып төлеңіз деу тек. Қарыз алатын жерім жоқ, әрі бұл мәселенің түбірін шешпейді, бірақ мен қара тізімге де іліккім келмейді, коллекторларға да, мен өтінішімнің қаралғанын, өтеудің жаңа кестесін құрап, ай сайынғы төлемді азайтуын сұраймын. Мерзімінен асқан сома сұмдық болып өсіп кетпей тұрғанда бәрін жалақымнан төлей бастаймын, тек қаңтардың жалақысы ақпанның ортасында болады, тек бұл да, жалақымның азайғаны да менің кінәм емес…

Алтынай Әбілдаева

Алматы