Екібастұз көмірін Украинаға жеткізіп отыру туралы шешім әлі қабылданған жоқ

619
Екібастұз көмірін Украинаға жеткізіп отыру туралы шешім әлі қабылданған жоқ

Екібастұз көмірін Украинаға жеткізіп отыру жөніндегі сұрақ дәл қазір талқыланбайды деді Екібастұз әкімі Александр Вербняк.

«Үкіметтен ешқандай бұйрық әлі келмеді, сондықтан бұл ретте украиналық тұтынушылар үшін әлдеқайда тиімді Қарағанды көмірі туралы сөз қозғалған болуы керек.

А.Вербняк бейсенбіде өткен брифингте «Екібастұз көмірінен көп күл қалады, сондықтан станцияларда арнайы жабдықтау орындары құрылу керек» деген болатын.

Әкім осы жылы Екібастұз көмір компанияларының қазақстандық көмірдің негізгі ресейлік тұтынушыларын сақтап қалатынына қарамастан сатылым көлемі қысқаруы мүмкін деді.

«Белгілі бір нақты сандар туралы айту тіптен ерте, ресейлік тұтынушылармен әзірге талқылау мен келісімге қол қойылып қана жатыр», — деп атап өтті.

Қала басшысының айтуы бойынша, келісім шарттар ресей рублінің негізінде жасалғандықтан, ресейлік рубль құны түскендігінің салдары есебінен екібастұз көмірі белгілі бір шығындарға тап болғандығын айтты.

«БогатырьКөмір» ресейлік келісім шарттар бойынша әкелінбеген пайдалар есебінен бір айда 5 млн доллар жоғалтыпты. Бұл компания басшылығының ақпараты. Ал «Восточный» Еуразиялық энергетикалық компаниясы үшін, басшылықтың айтуы бойынша, келісім шығынсыз іске асыпты», — деп атап өтті А.Вербняк.

Өткен жылдың соңында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаева Қазақстан Украинаға Екібастұз көмірін жеткізіп отырады деген болатын. Аталмыш келісім Украина президенті Петр Порошенкомен болған келіссөздер арқасында жасалды.