Екінші деңгейдегі банктерге 56 санкция қолданылды

107
өкілдігін
Фото: 7kun.kz

Алматы қаласы. 15 қаңтар. 7kun.kz —  Ұлттық Банк 2018 жылғы төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктерге қатысты 56 санкция қолданды.

ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жол беретін, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарға мониторинг пен талдау жүргізді.  Нәтижесінде екінші деңгейдегі банктерге қатысты 56 санкция қолданылды.

Олардың ішінде:

—  23  санкция айыппұлдар салу және өндіріп алу түрінде;

— жазбаша ұйғарым түріндегі 33 шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды.

Талдау нәтижелері банктердің Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында, сондай-ақ Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген:

—  банктік қарыздарға қызмет көрсетуді;

—  төлемдер мен ақша аударымдарын;

— банктік шоттарға қызмет көрсетуді жүзеге асыруға байланысты талаптарды сақтамайтынын  көрсетті.

Банктік қарызға қызмет көрсету тәртібі бойынша:

— клиенттермен жасалған шарттарда дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеулермен сыйақы мөлшерлемесін көрсету бойынша міндеттерді орындамауына;

— кредиттік досьеден банктік қарыз шарты бойынша құжаттардың түрпнұсқаларын жоғалтуына;

— кредиттік бюроға қарыз алушы жөнінде дәйексіз мәліметтер беруге;

— кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы кредиттік бюроға ақпарат беруге келісімін алмауына;

— банк клиенті бойынша оның келісімінсіз кредиттік есепті алуға;

— қарыз алушыға шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің өткені туралы хабарламауға, төлемдер енгізу қажеттілігі туралы және қарыз алушының міндеттемелерді орындамау салдары туралы;

—  қарыз алушыға берешек туралы мәліметтерді және банктік қарыз шарты бойынша өтеу есебінен келіп түсетін ақшаны бөлу туралы ақпаратты беру мерзімдерін бұзуына;

— өтініш иесінің қарыз бойынша берешектің пайда болғаны туралы түсіндірме бермеу бөлігіндегі өтінішін толық қарамауға;

— қарыз алушыға жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуді ұсынбауға;

— банктік қарызға қызмет көрсету мәселелеріне бойынша банктік ішкі құжаттарын сақтамауға;

— кепіл мүлігін бухгалтерлік есепке алу тәртібін бұзуға қатысты бұзушылықтар анықталды;

Төлемдерді және ақша аударымын жүзеге асыру тәртібі бойынша:

— нұсқауды орындаудан бас тарту үшін негіздеме болған жағдайда төлемдерді және (немесе) ақша аударымы бойынша нұсқауды орындаумауға;

— төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгіленген мерзімдердің бұзылуында төлемдерді және (немесе) ақша аударымы бойынша нұсқауды уақытында орындаумауға;

— шығыс операцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ банктік шоты бойынша акцептсіз есептен шығару тәртібін бұзуға;

Банктік шоттарға қызмет көрсету тәртібі бойынша:

— банк клиентінің ағымдағы шотынан үшінші тұлғанын банктік шотына негізсіз ақша аударуға;

—  клиенттің төлем карточкасын негізсіз бұғаттауға;

—  көрсетілетін төлем қызметі бойынша бір жақты тәртіппен комиссиясын өсіруге;

— банкоматта бейнебақылау камерасының болмауына қатысты бұзушылықтар анықталды.