Экологиялық айыппұлдар қайда кетіп жатыр?

608

Аймақтардағы өндірістік өнеркәсіптер төлеп жатқан экологиялық айыппұлдар сол жердегі қоршаған ортаны қалпына келтіруге жұмсалуы тиіс. Бұл жөнінде тау-кен өндіруші және тау-кен  металлургиялық өнеркәсібі қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қазақстанда салынатын экологиялық айыппұлдардай мөлшер әлемнің ешбір елінде жоқ. Бірақ компаниялар тарапынан төленген миллиондаған ақшалардың қайта кететінін ешкім білмейді. Экологиялық мәселелерді шешуге кетіп жатпағандығы анық. Мемлекеттік бюджетке барып жатыр», — дейді экология және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің директоры Талгат Темірханов.

Белгілі болғандай, қазіргі таңда Қазақстан Парламентінде Экологиялық кодекске өзгерістер енгізіліп жатыр. Десе де, заң жобасында экологиялық айыппұлдардан түскен қаражатты мақсатты пайдалану жөнінде, оларды есептеу әдіснамасына, қолдану ережелеріне қатысты айтарлықтай өзгеріс ұсынылып отырған жоқ.

«Бюджеттік кожексте «айыппұл қаражатын» топтауға мүмкіндік беретін норманы бекітуді сұрағанбыз. Бірақ ол ұсынысты ұлттық экономика министрлігі қолдаған жоқ. Мемлекеттің айыппұлдардан ынталандыруға көшу туралы ойланатын кезі келді», — дейді Талғат мырза.