Экономикадағы кредит көлемі 12,5 трлн теңге болды

теңге
Фото: kapital.kz

Алматы. 16 наурыз. 7kun.kz — Банктердің экономиканы кредиттендіру көлемі жыл басынан бері  2,6%-ға төмендеп, қаңтардың аяғында 12,5 трлн. теңгені құрады, бұл іскерлік белсенділіктің маусымдық төмендеуіне байланысты. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев ұсынды.

«Ел экономикасындағы шетелдік валюталық кредиттер үлесі айтарлықтай қысқарды. Осының нәтижесінде ұлттық валютадағы несие көлемі бір айда 67,4%-дан 68,0%-ға  дейін ұлғайды. Қысқа мерзімді қарыздар портфелдер де айтарлықтай төмендеп, ұзақ мерзімді кредиттер үлесі 81,9%-дан 83,5%-ға дейін өсті», — деді Д. Ақышев.

Оның сөзінше кредиттеу көлемінің ұлғаюына базалық мөлшерлеменің төмендеуі және ақша нарығындағы ресурстар құнының тұрақтануы ықпал етеді.