ЭКСПО-2017 көрмесіне Кремний алқабының компаниялары келеді

352

Кремний алқабының GoogleEarth, StanfordGlobalThermostat, ObscuraDigital және PlanetLabs тәрізді ірі компаниялары Астана өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады. Бұл туралы Қазақстанның СІМ баспасөз қызметі хабарлады. Компаниялар көрмеге қатысатындықтарын растады.

GoogleEarth басшысы Кейт Брэнт Қазақстанның сырты істер министрінің орынбасары Рәпіл Жолшыбаевпен кездесуінде ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбына қызығушылық білдіріп, көрме әріптесі болуға дайын екендіктерін мәлімдеді.

StanfordGlobalThermostat негізін қалаушы Грациелла Чилчилниски көрмеге көмірқышқыл газының шығарылуын төмендететін жаңа құрылғысын әкелмекші екендігін хабарлады. Carbon Negative Technology аппараты ауадағы көмірқышқыл газын сүзіп алып, ары қарай оны биоотын ретін пайдалануға мүмкіндік береді.

Спутниктік бейнелер саласында жұмыс істейтін PlanetLabs және әлемдік шоу-жобаларын ұйымдастыратын Obscura Digita компаниялары да «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындықтарын нақтылады.

2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне 100-ден астам ел, 10-нан астам халықаралық ұйым және инновациялық технологияның көшбасшылары болатын 10-нан астам компания келуі қажет. Бүгінде 47 ел мен 7 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындықтарын мәлімдеді.