ЭКСПО көрмесінің 5 павильоны пайдалануға дайын

Қытай, Франция, Германия, Венгрия және Түркия ЭКСПО көрмесі аумағындағы павильондарына ие болды. Павильондарды ол елдердің өкілдеріне ұсынудың салтанатты рәсімі Астанада «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарма басшысы Ахметжан Есімовтың қатысуымен өтті

Венгрия павильонының ауданы 411,9 шаршы метрді құрайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, павильонның «Болашақтың энергиясы баршамызды біріктіреді» атты тақырыбы елдің географиялық, экономикалық ерекшеліктері мен қолжетімді энергия көздеріне негізделген. Павильон судың, күннің және желдің елі болып табылатын Мажарстанды сипаттай отырып, электр және қалалық жоспарлау саласындағы ең жаңа қондырғыларды көрсетеді. Сондай-ақ, көрме аясында 2017 жылғы 20 тамыз Мажарстанның ұлттық күні болып белгіленді. Комиссар — Нандор Картези.

Германия павильонының ауданы 1 249,5 шаршы метрді құрайды және «Энергияға бастар жол» деген атауға ие болады. Павильон тақырыбы тұрақты энергияны пайдалану шеңберінде ел тарихы туралы баяндайды, сондай-ақ, технологиялық инновацияларды және осы саладағы жетістіктерді көрсетеді. ЭКСПО-2017 аясындағы Германияның ұлттық күні 2017 жылғы 12 шілдеде өтеді. Комиссар — Дитмар Шмиц.

Франция ауданы 1 069,1 шаршы метрді құрайтын павильонды алды және оны «Жасыл өсуге арналған энергетикалық бұрылыс» деп атады. Ел «жасыл энергетика» саласындағы өз әзірлемелерін үш тақырыпшамен ашады: «Болашақ қаласы», «Жаңғыртылатын энергия» және  «Көліктің экологиялық түрлері». Келушілер көрме аясындағы Францияның ұлттық күнін 2017 жылғы 21 маусымда мерекелей алады. Комиссар болып Паскаль Лоро тағайындалған.

Қытай павильонының ауданы 1 000 шаршы метрді құрайды. «Жасыл жібек жолы» павильонының ерекшелігі Болашақ энергиясының арман театры болады, ол ҚХР-дың Жібек жолы бойындағы елдермен, сонымен қоса, бүкіл әлем елдерімен энергетикалық ынтымақтастығының жаңа ойын көрсетеді. ЭКСПО-2017 көрмесінде Қытайдың ұлттық күні 2017 жылдың 5 шілдесінде өтеді. Комиссар — Ван Цзиньчжень.

Айта кету керек, қазірге дейін 105 ел мен 17 халықаралық ұйым өздерінің көрмеге қатысатынын растады. Көрме павильондарының жалпы ауданы 78 мың шаршы метрді құрайды.