ЭКСПО кезінде әуе тасымалы 40 пайызға артты

ЭКСПО
Фото: astanaairport.kz

Астана. 22 қыркүйек. 7kun.kz – ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде 10 маусымнан бастап 10 қыркүйек аралығында Астанаға 133 мың шетелдік келді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомстваның мәліметінше, бұл көрсеткіш 2016 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда екі есе көп.

Әкімдіктің айтуынша, көрме кезінде Астана ұшақпен 725 мың адам ұшып келді. Оның 280 мыңы халықаралық рейспен қатынағандар. Ал автобус және жеке көлігімен келгендер саны – 1,5 млн адам. Теміржол қызметін 656 мың адам пайдаланған. 2016 жылдың аталған мерзімінен қарағанда әуе тасымалымен қатынағандар 40 пайызға, темір жол көлігін пайдаланғандар 21 пайызға көп.

Сонымен қатар, көрме кезіндегі жалпы салық түсімі 632 млн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен (514 млн теңге) салыстырғанда 118 млн теңгеге көп.