«Ел тұлғасы» жобасы мәресіне жетті

Алматыда «Ел тұлғасы» жобасының жеңімпаздарын марапатталды. Төрт айға созылған жоба қыркүйекте өз мәресіне жетті. Бұл туралы 7kun.kz тілшісі хабарлайды.

Әр номинацияға өз саласында табысқа жеткен, Қазақстанға танымал 10 адамның есімі сарапқа салынды. Дауыс беруге 350 мыңнан астам адам қатысты. Сонымен қатар «Қазақстан тарихындағы тұлға» номинациясына 62 мыңнан жоғары адам, «Спорт» номинациясына — 56 мыңнан жоғары адам, «Жаңа есім» номинациясына — 47 мыңнан жоғары адам, «Ғылым» номинациясына -38 мыңнан жоғары адам, «Қоғам қайраткері» номинациясына — 38 мыңнан жоғары адам, «Өнер және Мәдениет» номинациясына — 31 173 мың адам, «Бизнес» номинациясына- 31 мың адам дауыс берді.

«Бұл жобада қазақстандықтар қоғам дамуына үлесін қосып жүрген азаматтарды өздері анықтап, өздері баға берді. Номинацияға көптеген адамдардың дауыс бергені де кездейсоқ емес. Бізде осындай маңызды қоғамдық жобаның бір бөлігі болып отырғанымызға қуаныштымыз»,-деді «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс.

Жоба «Exclusive» мультимедиялық порталы тарапынан бастау алып,»Кселл» компаниясының қолдауымен жүзеге асты. Жобаның басты идеясы мемлекетіміздің жетістіктеріне арқау болған маңызды тұлғалардың есімін анықтау болды.